1. Жалпы қағида
1.1. Әкімшілік Пайдаланушыларға Сайтты, Мобильді қосымшаны және оның сервистерін спорт алаңдарын іздеу, оларды жалға алу, бағалау, пікірлер қалдыру, сондай-ақ Сайттың, Мобильді қосымшаның өзге де сервистерін пайдалану мақсатында осы Пайдаланушы келісімінде (бұдан кейін – «Келісім»), сондай-ақ Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, мекенжай бойынша орналастырылған Құпиялылық саясатында баяндалған талаптарда пайдалануды ұсынады. Келісім мәтіні бойынша бас әріппен қолданылатын барлық терминдер мен анықтамалар оларға төменде және Құпиялылық саясатында берілген мағынада қолданылады.
1.2. Сайтқа, Мобильді қосымшаға кірген кезде, Пайдаланушы оларды қолданар алдында осы Келісімнің және Құпиялылық саясатының талаптарын оқып, келісіп, қабылдауы тиіс. Сайтты, Мобильді қосымшаны қолдануды бастапған кезде, Пайдаланушы Келісімнің талаптарын ешқандай ескертулер мен ерекшеліктерсіз толық қабылдаған болып саналады. Осы Келісімді және Құпиялылық саясатын қабылдау (акцепт) Сайтта, мобильді қосымшада тіркелген кезде, жүзеге асырылады. Тиісті әрекетті жасаудың алдында Пайдаланушы Пайдаланушының ұялы телефон нөміріне жіберілетін тіркеу кодын енгізу арқылы Келісіммен және Құпиялылық саясатымен келіседі. Көрсетілгенмен келіспеген жағдайда, Сайтты, Мобильді қосымшаны және олардың сервистерін одан әрі пайдалануға жол берілмейді.
1.3. Пайдаланушы осы Келісімнің талаптарын қабылдай отырып, өзінің толық құқыққа қабілетті және әрекет жасауға қабілетті екенін және осы Келісімді жасасуға қажетті өкілеттіктерге ие екенін растайды. Егер Пайдаланушы көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, ол Сайтты және/немесе Мобильді қосымшаны пайдалануды дереу тоқтатуға міндетті.
1.4. Пайдаланушы Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдаланған кезде интернетке қосылудың барлық шығындарын, спорт алаңын жалға алу құнын, банк комиссияларын, сондай-ақ Сайтты, Мобильді қосымшаны және олардың функционалын пайдалануға байланысты барлық кез келген/өзге шығындарды жеке өзі көтереді. Әкімшілік Пайдаланушының Интернетке қол жеткізу мүмкіндіктерінің болуы, спорт алаңын жалға беру бойынша, Пайдаланушы Интернет желісіне қосылу қызметтерін ұсыну туралы келісімдер жасаған Интернет желісінің провайдері қызметтерінің сапасы, сондай-ақ Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдаланған кезде ықтимал проблемалардың туындағаны және олардың Пайдаланушы үшін Интернет желісінің провайдері қызметтерінің сапасының салдары үшін жауапты болмайды. Сонымен қатар Әкімшілік жалға берушілер ұсынатын қызметтердің сапасы үшін жауап бермейді.
1.5. Пайдаланушы Келісімнің қандай да бір қағидаларымен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалануға құқылы болмайды. Келісім Пайдаланушы оның талаптарымен Келісімнің 1.2-тармақта көзделген тәртіппен келісімін білдірген сәттен бастап күшіне енеді.
1.6. Осы Келісімге сәйкес Әкімшілік Сайт арқылы Пайдаланушыларға мынадай қызметтерді ұсынады:
Сайтқа және Мобильді қосымшаға қол жеткізу және оларды қолда бар функционал шегінде пайдалану құқығы;
Клиенттің кейін жалға алуы үшін спорт алаңын іздеу бойынша;
спорт алаңын брондау, спорт алаңының меншік иесімен (өзге де уәкілетті иесімен) жалдау шартын жасасу бойынша;
Клиенттің спорт алаңын жалға алғаны үшін қолма-қол ақшасыз тәртіппен жалдау ақысын төлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша;
спорт алаңы, жалға беруші туралы пікір қалдыру мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша;
Сайт, Мобильді қосымша ұсынатын статистиканы қарау бойынша;
басқа Клиенттердің пікірлерін, бағалауларын қарау мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша;
брондалған, жалға алынған спорт алаңдарының тарихын, жалдау ақысының төленген сомаларын көру мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша;
оның ресурстары, серіктес компаниялары, Сайттың, Мобильді қосымшаның қызметтері туралы пікірлер туралы ақпарат орналастырылған Сайттың, Мобильді қосымшаның тарауына қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша;
Сайттың басқа ресурстарына қол жеткізу.
1.7. Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жеке жағдайларда Сайтта, Мобильді қосымшада тіркеліп (тіркелу міндетті болатын Пайдаланушылар үшін), Пайдаланушы Әкімшіліктен ақпараттық таратылымды, соның ішінде: Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалануға байланысты жаңалықтарды, хабарларды, хабарламаларды, еске салуды, ескертулерді, бірақ мұнымен шектелмей, электрондық пошта немесе WhatsApp, Telegram мессенджерлері немесе өзге байланыс арналары арқылы немесе Пайдаланушы тіркелген кезде көрсеткен мекенжайға немесе мобильді нөмірге алуға келісімін береді.
1.8. Әкімшілік осы Келісімді Пайдаланушыға хабарламай-ақ, кез келген уақытта өзгерте алады. Келісімнің қолданыстағы нұсқасы мына мекенжай бойынша орналасқан www.oyna.me (сілтеме). Пайдаланушы осы Келісімді осы мекенжай бойынша жылына 365 күнде кемінде бір рет тексеріп отыру керек. Әкімшілік Келісімнің осы тармағында көзделген тәртіппен Келісімге қандай да болсын өзгерістер енгізіп, Пайдаланушы олармен келіспесе, ол Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалануды тоқтатуға міндетті.
1.9. Терминдер және анықтамалар
Әкімшілік – «OYNA ME» ЖШС, оның Сайтқа барлық ерекше мүліктік құқықтары, сонымен бірге Сайттың домендік атауына, Мобильді қосымшаға және оларға әкімгерлік етуге құқықтары бар;
Сервис – негізгі қызметі спорт алаңдарын іздеу, брондау және жалдау, әр түрлі спорттық іс-шаралар, ойындар, жарыстар және басқасы үшін төлем жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылатын, https://www.oyna.me мекенжайы бойынша қолжетімді болатын Сайтты, AppStore, GooglePlay арқылы жүктеп алуға қолжетімді Мобильді қосымшаны пайдаланған кезде қолжетімді болатын «OYNA» сервисі.
Төлем жүйесі – Клиенттердің ақшалай қаражатты Серіктестердің пайдасына қолма-қол ақшасыз аудару мүмкіндігін қамтамасыз ететін Жүйе серіктесі (серіктестері).
Серіктес – спорт алаңын Клиенттерге уақытша ақылы пайдалануға беруге құқығы бар спорт алаңының меншік иесі немесе өзге де заңды иегері.
Клиент – Сайтты және/немесе Мобильді қосымшаны спорт алаңын іздеу, брондау, жалға алу және жалдау шартын жасасу үшін пайдаланатын кез келген жеке тұлға;
Пайдаланушы – Серіктес және Клиент;
Спорт алаңы – тиісті габариттері, спорт түрлері бойынша таңбалануы мен жабдықтары бар, дене шынықтыру және спорт іс-шараларын, соның ішінде жеке мақсаттар жүргізуге арналған жазықтық спорт объектісі (футбол алаңдары, спорт залдары, теннис корттары, волейбол, баскетбол алаңдары және өзге де ұқсас объектілер).
Құпия ақпарат – Пайдаланушы осы Келісімге сәйкес Әкімшілікке берген ақпарат, ол келесілерді қамтиды: коммерциялық, шарттық және қаржылық ақпарат, сондай-ақ барлық құжаттар және/немесе Пайдаланушы жазбаша немесе өзге түрде дайындаған, осындай ақпаратты көрсететін және/немесе қамтитын өзге де мәліметтер, бірақ мұнымен шектелмейді. Осы Келісімге сәйкес қорғалуы және жарияланбауы тиіс ақпаратқа Пайдаланушы Сервистің ресурстарында және өзге сайттар мен сервистерде ашық қолжетімді түрде орналастырған ақпарат, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табыла алмайтын ақпарат кірмейді.
2. Сервис арқылы қызметтерді алу тәртібі
2.1. Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалану мүмкіндігін алу үшін Пайдаланушы Әкімшілікке Құпиялылық саясатында көзделген көлемде дербес деректерді ұсынады.
2.2. Сервиске қол жеткізу Сайтта тіркелуді қолданумен https://www.oyna.me мекенжайы бойынша Сайт арқылы, сондай-ақ AppStore, GooglePlay арқылы жүктеуп алуға болатын мобильді қосымша арқылы ашық. Сервис ресурстарын пайдалану үшін барлық Пайдаланушылар Сайтта, Мобильді қосымшада тіркелуге тиіс. Тіркелу авторизациялау үшін құпиясөз жіберілетін Пайдаланушының ұялы телефон нөмірін пайдалана отырып жүзеге асырылады. Сервисті тіркеу және пайдалану ақысыз жүзеге асырылады. Бұл ретте Әкімшілік бұл туралы Пайдаланушыға ақылы сервистер енгізілген күнге дейін ақылға қонымды мерзімде алдын ала хабарлай отырып, осы талапты өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
Кез келген Пайдаланушы Сайттың, Мобильді қосымшаның функционалы арқылы қосымша сәйкестендіруден өтіп, Серіктес бола отырып, Сервистегі өз мәртебесін өзгертуге құқылы. Әрбір Серіктеспен Серіктестік келісім жасалады, оған Клиент дайындау және қол қою үшін келесі деректерді ұсынады: 1) атауы; 2) басшының аты-жөні; 3) серіктес жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызмет түрі (дара кәсіпкер, ЖШС, т.б.); 4) БСН (заңды тұлғалар үшін); 5) заңды мекенжайы; 6) Серіктестің банктік деректемелері (Банктің атауы, Банктің БСК, Серіктестің ағымдағы шотының нөмірі). Көрсетілген мәліметтерді алғаннан кейін Әкімшілік қағаз тасығышта Әкімшілік пен Серіктес арасында оған қол қою үшін Серіктестік келісімін қалыптастырады.
2.5. Жауапкершіліктен босату Әкімшілік спорт алаңдарын іздеу және брондау мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша, мұндай объектілерді жалға беру бойынша қызметтерді көрсетпей, қызметтер көрсететіндіктен, Әкімшілік Серіктестердің Спорт алаңдарын жалға беру бойынша көрсететін қызметтерінің сапасы мен уақытылы болуы үшін жауапты болмайды. Сонымен бірге Әкімшілік ауа райы жағдайлары, электр қуатының, жылудың болмауы нәтижесінде Спорт алаңын пайдалану мүмкін болмағны, Клиенттің немесе оның қонақтарының жалға алынған Спорт алаңына уақытылы келмегені/мүлдем келмегені, Спорт алаңдарының қауіпсіздігі үшін жауап бермейді. Әкімшілік спорт алаңын пайдаланған кезде, Клиенттің немесе оның қонақтарының өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін кез келген жауапкершіліктен босатылады.
2.6. Серіктестерден қызметтерді алуға байланысты туындайтын заңнамада көзделген кез келген салықтар мен алымдарды есептеу және төлеу міндеттемелері мен жауапкершілігі төлеушіге жүктелген.
2.7. Төлемдер қауіпсіздігі
Спорт алаңын жалға алу ақысы алдын ала төлем тәртібімен Сервиске қосылған Төлем жүйесінің функционалы арқылы қолма-қол ақшасыз тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте алдын ала төлем тәртібімен енгізілетін сома Клиенттің Спорт алаңын пайдалану жөніндегі міндеттемесін қамтамасыз ететін кепілдік жарна болып табылады. Клиент Серіктестің кінәсіне немесе еңсерілмейтін күш жағдйларының басталуына байланысты емес кез келген негіздер бойынша Спорт алаңын жалға алудан бас тартқан жағдайда, алдын ала төлем сомасы Клиентке қайтарылмайды. Бұл ретте Серіктестің кінәсінен Спорт алаңын жалға алу мүмкін болмаған жағдайда немесе Спорт алаңын жалға алу мүмкін болмайтынына тікелей әсер еткен еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған жағдайда, Клиент енгізілген төлем сомасын кейін Серіктеспен жасалған келісім бойынша жалдау ақысын төлеу үшін пайдалануға құқылы. Кейін жалға алудан бас тартылған жағдайда ,алдын ала төлем сомасын қайтару мәселесі Әкімшілікті тартпай Серіктес пен Клиент арасында реттелуге тиіс.
Спорт алаңын жалға алу үшін сыйақыларды төлеу банк карталары, Visa, Mastercard төлем жүйелері арқылы мүмкін болады. Банк картасымен төлеген кезде, төлемдердің қауіпсіздігіне FreedomPay өңдеу орталығы кепілдік береді. Төлемдерді қабылдау TLS хаттамасын қолдана отырып, қауіпсіз байланыс арқылы жүзеге асырылады.
2.9. FreedomPay компаниясы төлеушінің банк картасының деректемелерін қауіпсіз өңдеуді қамтамасыз етудің халықаралық талаптарына сәйкес келеді. Сіздің төлем жасау үшін қажетті құпия деректеріңіз (карта деректемелері, тіркеу деректері және т.б.) Әкімшілікке түспейді, оларды өңдеу процессинг орталығының жағында жүргізіледі және толығымен қорғалған. Ешкім, оның ішінде Әкімшілік төлеушінің банктік және дербес деректерін ала алмайды.
Егер Клиенттің банктік картасы 3D Secure технологиясын қолдайтын болса, төлемді жүзеге асыру үшін эмитент-банкте Клиенттің қосымша тексеруден өтуі қажет болуы мүмкін. Ол үшін Клиент картаны шығарған банктің парақшасына жіберіледі. Тексеру тәртібін картаны берген банк айқындайды.
2.10. Серіктестің Спорт алаңдарын Сайт/Мобильді қосымша арқылы жалға беру мүмкіндігін ұсыну бойынша қызметтер көрсету жөніндегі Әкімшілік пен Серіктестің өзара қарым-қатынасы Әкімшілік пен Серіктес арасында жасалатын жеке шарт арылы регламенттеледі.
3. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
3.1. Пайдаланушының құқықтары:3.1.1. Сайттың, Мобильді қосымшаның ресурстарына қол жеткізу;
3.1.2. Сайт, Мобильді қосымша ұсынатын Сервистер мен ресурстарды пайдалану, сондай-ақ Әкімшілік белгілеген талаптарда ақылы, тегін және қосымша қызметтерді пайдалану;
3.1.3. кез келген уақытта Сервисті пайдалануды тоқтату;
3.1.4. Сервисті пайдалану үшін қажетті іс-әрекеттерді орындау үшін Әкімшілікке Құпия ақпарат беру;
3.1.5. Әкімшілікке support@oyna.me электрондық пошта мекенжайына хабарлама жіберу арқылы ақпараттық хабарлар алудан бас тарту;
3.1.6. support@oyna.me электрондық пошта мекенжайына хат жолдау арқылы Сервистің жұмыс істеуіне байланысты сұрақтармен, шағымдармен және ұсыныстармен Сервисті қолдау қызметіне хабарласу.
3.2. Пайдаланушының міндеттері:3.2.1. Сайт, Мобильді қосымша арқылы заңсыз болып табылатын, соның ішінде зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, жеккөрушілікті және/немесе адамдарды нәсілдік, этникалық, жыныстық, діни белгілері бойынша кемсітушілікті насихаттау болып табылатын, кез келген тұлғаларға қатысты қорлауды қамтитын, құрамында порнография элементтері бар, жыныстық сипаттағы қызметтердің жарнамасы болып табылатын кез келген ақпаратты жүктемеу, бермеу және орналастырмау/таратпау;
3.2.2. Сайт, Мобильді қосымша арқылы қандай да бір жарнамалық ақпаратты, спамды, желілік табыс жүйесін және басқа да ұқсас ақпаратты жүктемеу, бермеу және орналастырмау/таратпау;
3.2.3. Сайттың, Мобильді қосымшаның бөлігі болып табылатын, Әкімшілікке немесе басқа Пайдаланушыларға тиесілі кез келген файлдарды өзгертпеу және өзгертуді болдырмау;
3.2.4. Сайтты, Мобильді қосымшаны, сондай-ақ олардың ресурстарын пайдаланған кезде Әкімшіліктің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын бұзбау;
3.2.5. Сервисті пайдаланған кезде қолданылатын құқықтың, үшінші тұлғалардың құқықтарының нормаларын бұзбау және оларға кез келген нысанда зиян келтірмеу, мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтау;
3.2.6. өзіне қатысты шынайы ақпаратты көрсету, сондай-ақ Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдаланған кенде үшінші тұлғалардың дербес деректерін қолданыстағы заңда белгіленген тәртіппен олардың келісімін алмай, пайдаланбау;
3.2.7. Келісімге енгізілген өзгерістермен уақытылы танысу мақсатында осы Келісімді жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша жылына кемінде 365 күн сайын тексеру қажет;
3.2.8. осы Келісімде көзделген жағдайларда Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалануды тоқтату;
3.2.9. Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдаланған кезде сенімді, өзекті, нақты және толық ақпарат беру. Бұл ретте Пайдаланушы Әкімшілік Пайдаланушының ұсынған ақпаратының дұрыстығын тексеруге міндетті емес екенімен келіседі;
3.2.10. басқа нақты бар немесе болған тұлғаның атынан іс-әрекеттер жасамау, үшінші тұлғалардың дербес ақпаратын көрсетпеу, үшінші тұлғалардың ақпаратын қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қандай да бір өзге тәсілмен пайдаланбау. Көрсетілген іс-әрекеттер, оның ішінде сервиске залал келтірген әрекеттер үшін Пайдаланушы жауапты болады;
3.2.11. жеке кабинетке кіру үшін өз логинін және/немесе құпиясөзін үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеу, осы ақпараттың құпиялылығы үшін жауапты болу;
3.2.12. Сайтта, Мобильді қосымшада тіркелген кезде берілген өз деректерінің өзгергені туралы, оның ішінде банк шоттарының нөмірлерінің өзгергені туралы Әкімшілікке дереу хабарлау. Пайдаланушы мұндай хабарламау немесе өз деректерінің өзгеруі туралы уақытылы хабарламау қаупін жеке өзі көтереді;
3.2.13. осы Келісімнің өзге де талаптарын, сондай-ақ осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Құпиялылық саясатын сақтау.
4. Әкімшіліктің құқықтары мен міндеттері
4.1. Әкімшіліктің құқықтары:4.1.1. Пайдаланушыға алдын ала ескертусіз ақылы, тегін немесе қосымша Қызметтерді көрсетуді біржақты тәртіппен шектеу, өзгерту, тоқтату немесе жалғастыру;
4.1.2. Сайттың, Мобильді қосымшаның мазмұнын түрлендіру, өзгерту, Сайтқа, Мобильді қосымшаға кіру талаптарын тоқтата тұру немесе өзгерту, Пайдаланушыға алдын ала ескертусіз өзінің бағдарламалық-аппараттық кешенінде профилактикалық жұмыстар жүргізу құқығымен Сайтты, Мобильді қосымшаны тек өз қалауы бойынша басқару;
4.1.3. кез келген сәтте осы Келісімнің талаптарын өзгерту, қызметтерді ұсыну және/немесе олардың мазмұны, оның ішінде осы сәтке дейін ақысыз негізде ұсынылған қызметтер үшін ақы енгізу, сондай-ақ қызметтер құнын өзгерту;
4.1.4. кез келген уақытта, өз қалауы бойынша немесе Пайдаланушының келісімімен Пайдаланушы Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырған кез келген ақпаратты, ол Әкімшілік тұрғысынан қабылдануға келмейтін, қалаусыз немесе осы Келісімді бұзатын болса, жою немесе өзгерту;
4.1.5. статистикалық деректерді жинау үшін Құпиялылық саясатында белгіленген талаптарда Пайдаланушы туралы ақпаратты қадағалау және сақтау;
4.1.6. Құпиялылық саясатында белгіленген талаптарда қызмет көрсету үшін қажетті көлемде Пайдаланушылардың есептік жазбаларының деректерін сұрау, жинау және сақтау;
4.1.7. Пайдаланушыларға электрондық пошта немесе WhatsApp, Telegram мессенджерлері немесе өзге де байланыс арналары арқылы Сайттың, Мобильді қосымшаның жұмысына қатысты кез келген ақпаратты, соның ішінде: жаңалықтарды, хабарларды, хабарламаларды, еске салғыштарды, ескертулерді, бірақ мұнымен шектелмей, жіберу;
4.1.8. Сайтта, Мобильді қосымшада ақпараттық-жаңалықтар сипаты бар хабарлар мен хабарламалар құру, орналастыру, жариялау, сондай-ақ Сайттың, Мобильді қосымшаның және олардың ресурстарының кез келген өзгерістері, Сервистің жаңа серіктестері, оқиғалар немесе жүргізілетін техникалық жұмыстар туралы хабарлау;
4.1.9. Пайдаланушы Келісімнің кез келген талаптарын бұзған жағдайда, Пайдаланушыны хабардар етпей, біржақты тәртіппен Пайдаланушының Сервис функцияларының барлығына не бір бөлігіне қол жеткізуін шектеу;
4.1.10. Келісімді немесе қолданыстағы заңнаманы бұзған Пайдаланушы туралы деректерді құқық қорғау немесе өзге де уәкілетті органдарға беру;
4.2. Әкімшіліктің міндеттері:4.2.1. Келісім талаптарына сәйкес Пайдаланушыға Сайттың, Мобильді қосымшаның ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беру;
4.2.2. Құпиялылық саясатын толық сақтай отырып, деректерді қорғау талаптарын сақтау;
5. Сайтқа және мобильді қосымшаға айрықша құқықтар
5.1. Сайттың, Мобильді қосымшаның көмегімен қолжетімді болатын барлық объектілер, оның ішінде дизайн элементтері, графикалық кескіндер, иллюстрациялар, оқыту және өзге де бейнелер, сайтты пайдалануға арналған бағдарламалық құрал, деректер базасы және басқа да объектілер (бұдан кейін – мазмұн), сондай-ақ Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған кез келген мазмұн Әкімшіліктің айрықша құқықтарының объектісі болып табылады. Сайтқа, Мобильді қосымшаға барлық авторлық, сабақтас және өзге де құқықтар Әкімшіліктің меншік құқығына тиесілі және қолданыстағы құқықпен және халықаралық құқық нормаларымен қорғалады. Сайтты, Мобильді қосымшаны немесе олардың элементтерін рұқсатсыз пайдалануға тыйым салынады.
5.2. Осы Келісімді жасасу Сайттың, Мобильді қосымшаның кез келген құрамдас бөліктеріне Әкімшіліктен Пайдаланушыға қандай да бір құқықтарды беру ретінде бағаланбайды.
5.3. Мазмұнды, сондай-ақ Сайттың, Мобильді қосымшаның кез келген басқа элементтерін пайдалану тек ұсынылған функционалдылық аясында мүмкін болады. Сайттың, Мобильді қосымшаның мазмұнының ешбір элементтерін, сондай-ақ Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған кез келген мазмұнның авторлық құқық иесінің алдын ала рұқсатынсыз басқаша пайдалануға болмайды. Заңнамада немесе осы Келісімде тікелей көзделген жағдайлар ерекшеліктер болуы мүмкін.
6. Сайттар және үшінші тұлғалар Сайтта, Мобильді қосымшада орналастыратын ақпарат
6.1. Егер Сайтта, Мобильді қосымшада басқа сайттарға сілтемелер болса, бұл сілтемелер Пайдаланушыға тек мысал үшін және қосымша ақпарат беру үшін беріледі. Бұл Әкімшіліктің көрсетілген сайтты (сайттарды) қолдайтынын немесе ұсынатынын білдірмейді және осындай сайттың (сайттардың) мазмұны үшін Әкімшіліктің жауапкершілігін көздемейді.
6.2. Сайтта, Мобильді қосымшада бөгде тарап өніміне, қызметін, өзге де ақпаратына сілтеме жасау немесе оларды атау, Сайтта ол тікелей көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Әкімшіліктің тарапынан осы өнімдерді (қызметтерді, қызметті) мақұлдайтынын немесе ұсынатынын білдірмейді.
6.3. Сонымен қатар Әкімшілік Сайтта, Мобильді қосымшада Пайдаланушы Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, қол жеткізетін үшінші тұлғалар (басқа Пайдаланушылар) орналастырған кез келген ақпарат, материалдар үшін, оның ішінде Сайтта, Мобильді қосымшада айтылған кез келген пікірлер немесе мәлімдемелер, жарнама және т. б. үшін жауапты болмайды.
7. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Әкімшілік Пайдаланушыға Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалануға немесе оны пайдалану мүмкін еместігіне байланысты, Серіктестерден қызметтерді алуға байланысты Пайдаланушыға келтірілуі мүмкін кез келген тікелей және(немесе) жанама залал, жоғалған пайда, беделге келтірілген нұқсан немесе өзге де зиян үшін ешбір жағдайда Пайдаланушы алдында жауапты болмайды. Әкімшілік Пайдаланушыға немесе өзге де үшінші тұлғаларға тікелей немесе жанама залалдың туындауы үшін, оның ішінде:
– сайт ресурстарын пайдалану немесе пайдалану мүмкін еместігі нәтижесінде болған үшін жауапты емес.
7.2. Әкімшілік Пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсетілетініне немесе көрсетілмейтініне нақты немесе болжамды кепілдік бермейді.
7.3. Әкімшілік Сайттағы, Мобильді қосымшадағы ақпарат пен материалдардың дәлдігіне, уақытылығына, тиімділігіне, толықтығына немесе жарамдылығына қатысты ешқандай кепілдік бермейді. Пайдаланушы мұндай ақпаратта дәлсіздіктер немесе қателер болуы мүмкін екенін мойындайды және әкімшілік қолданылатын құқықтың бөлігі ретінде осындай дәлсіздіктер немесе қателер үшін жауапкершілікті есептен шығарады.
7.4. Әкімшілік барлық Пайдаланушылар үшін немесе Пайдаланушылардың жекелеген санаттары үшін Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалануға шектеулер қоюға құқылы. Пайдаланушы Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалануға байланысты өз әрекеттері үшін, оның ішінде, егер мұндай әрекеттер үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқтырса, сондай-ақ сайтты, мобильді қосымшаны пайдаланған кезде заңнаманы сақтау үшін үшінші тұлғалар алдында дербес жауапты болады.
7.5. Пайдаланушыға ақылы қызметтер көрсетілген жағдайда, Әкімшілік ақылы қызметтер үшін, тіпті егер Пайдаланушы оларды пайдаланбаған болса да, салынған ақшалай қаражатты өтемейді және қайтармайды.
7.6. Пайдаланушы Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдаланған кезде жасаған немесе жариялаған ықтимал заңсыз әрекеттері үшін Әкімшілік жауапты болмайды.
7.7. Әкімшілік Пайдаланушының мобильді құрылғысына немесе үшінші тұлғаларға келтірілген залал, Пайдаланушы Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, ақпаратты және/немесе материалдарды жүктеген кезде, туындаған деректердің жоғалуы немесе кез келген басқа зиян үшін жауапты болмайды;
7.8.
Әкімшілік басқа Пайдаланушылардың іс-әрекеттері, соның ішінде Серіктестердің іс-әрекеттері/әрекетсіздігі үшін Пайдаланушы алдында жауапты болмайды;
7.9. Әкімшілік Сайттың, Мобильді қосымшаның жұмысындағы уақытша техникалық іркілістер мен үзілістер үшін, байланыс желілерінің жұмысындағы уақытша іркілістер мен үзілістер, өзге де ұқсас іркілістер үшін, сондай-ақ Пайдаланушы Сервисті пайдаланған кезде қолданған мобильді құрылғының ақаулары үшін жауапты болмайды.
7.10. Әкімшілік Серіктестерді немесе олардың қызметтерін ұсынбайды, олардың қызметтерін пайдалануды міндеттемейді және шақырмайды, олардың қызметтеріне ақы төлеуге шақырмайды. Әкімшілік Серіктестер туралы ақпараттың дұрыстығына тексеру жүргізбейді, көрсетілген барлық ақпаратты олар өз бетінше және өз жауапкершілігімен береді.
8. Қолданылатын құқық және дауларды шешу
8.1. Осы Келісімде айтылмаған мәселелер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
8.2. Осы Келісім бойынша тараптардың барлық даулары сотқа дейінгі (наразылық) тәртіпті пайдалана отырып хат алмасу және келіссөздер жолымен шешілуге тиіс, ал Тараптар арасында келіссөздер жолымен келісімге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, дауды қарауды кез келген мүдделі тарап Қазақстан Республикасының іс жүргізу және материалдық құқығына сәйкес Әкімшіліктің тіркелген жері бойынша сотқа беруге тиіс.
9. Өзге қағидалар
9.1. Осы Келісім Пайдаланушы мен Әкімшілік арасында Сайтқа, Мобильді қосымшаға, осы Келісімде көзделген қызметтерді көрсетуге қатысты жасалған шарт болып табылады және Пайдаланушы мен Әкімшілік арасында бұрын болған барлық келісімдерді алмастырады.
9.2. Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалануды бастаған сәттен Пайдаланушы Келісімнің тарабы болады. Келісім оның қолданысы Әкімшінің бастамасымен немесе Пайдаланушының бастамасымен тоқтатылатын сәтке дейін қолданыста болады. Келісім белгісіз мерзімге жасалады.
9.3. Сайт Әкімшілігі Сайты, Мобильді қосымшаны пайдалану мүмкіндігін тоқттата тұрып, осы Келісімді бір жақты соттан тыс тәртіппен кез келген уақытта бұзуға құқылы.
9.4. Келісімдегі ешнәрсе Пайдаланушы мен Әкімшілік арасындағы бірлескен қызмет, жеке жалдау қатынастары немесе Келісімде тікелей көзделмеген басқа қатынастарды орнату ретінде түсінілмейді.
9.5. Белгіленген тәртіппен және күшіне енген сот шешімі арқылы танылған Келісімнің бір немесе бірнеше қағидасының жарамсыздығы тараптар үшін жалпы Келісімнің жарамсыздығына әкеп соқпайды. Келісімнің бір немесе бірнеше қағидасы белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған жағдайда, тараптар Келісім бойынша өзіне қабылдап алынған барлық қалған міндеттемелерді орындауға міндеттенеді.
9.6. Осы Келісім орыс тілінде құрылған және кейбір жағдайларда Пайдаланушыға танысу үшін басқа тілде ұсынылуы мүмкін. Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасы мен Келісімнің басқа тілдегі нұсқасының арасында айырмашылықтар анықталған жағдайда, осы Келісімнің орыс тілінде баяндалған нұсқалары қолданылады.
Әкімішіліктің деректемелері:
«OYNA ME» ЖШС
Мекенжайы: Астана қ., Тастанбеков көш., 28 -2
Байланыс поштасы:
info@oyna.meТелефон нөмірі 8 777 773 00 30