Терминдер және анықтамалар Әкімшілік – «OYNA ME» ЖШС, оның Сайтқа барлық ерекше мүліктік құқықтары, сонымен бірге Сайттың домендік атауына, Мобильді қосымшаға және оларға әкімгерлік етуге құқықтары бар;
Өңдеу – автоматтандырылған құралдарды, оның ішінде жинау, жазу, ұйымдастыру, құрылымдау, сақтау қайта өңдеу немесе өзгерту, іздеу және іріктеу, сараптама, пайдалану, беру арқылы ашу, жіберу немесе қол жеткізудің өзге де тәсілі, топтастыру немесе біріктіру, таңдау, өшіру немесе жоюды пайдалана отырып және онсыз дербес деректермен немесе дербес деректер жиынтығымен жасалатын кез келген операция немесе операциялар жиынтығы;
Дербес деректер – Пайдаланушыға қатысты немесе оны тікелей немесе жанама сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кез келген ақпарат, атап айтқанда, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), электрондық пошта, мобильді телефон, фотосуреттер, атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері туралы деректер немесе өзге де ақпарат негізінде Пайдаланушыны жеке немесе жиынтықта анықтауға мүмкіндік беретін деректер;
Пайдаланушы – спорт алаңын жалға алу/жалға беру үшін Сайтты және/немесе Мобильді қосымшаны пайдаланған және кейін жалдау шартын жасасқан кез келген жеке немесе заңды тұлға, жеке кәсіпкер;
Сайт — бұл интернет желісінде www.oyna.me мекенжайы бойынша орналасқан интернет-ресурс. Сайт деген ұғымға оның бағдарламалық құралы дизайны, мәліметтер базасы, сондай-ақ оның барлық тараулары мен бөлімдері кіреді;
Мобильді қосымша – спорт алаңдарын іздеу, жалға алу/жалға беру, сондай-ақ қосымшаның өзге де сервистерін пайдалану мүмкіндігін беру мақсатында
смартфондарда,
планшеттерде және басқа да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған бағдарламалық құрал.
1. Жалпы қағидалар
1.1. Әкімшілік Сайтқа кірушілердің және Мобильді қосымшаны пайдаланушылардың құқықтарына, оның ішінде Дербес деректерге қатысты құпиялылықты сақтау құқықтарына құрметпен қарайды. Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдалануды бастамас бұрын, бізге қандай да бір Дербес деректерді, сондай-ақ Дербес деректерді өңдеуге келісімді беруге дайын екеніңіз туралы саналы шешім қабылдау үшін Құпиялылық саясатын мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз.
1.2. Құпиялылық саясатында біз мыналарды толық сипаттаймыз: (а) Сіз Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдаланған кезде біз алатын және жинайтын Дербес деректер; (b) Дербес деректерді алатын жолдарымыз; (c) Дербес деректерді жинау мақсатымыз; (d) Дербес деректерді өңдеген кездегі Сіздің құқықтарыңыз; (e) Дербес деректерді сақтау мерзімдері; (f) (g)Дербес деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу тәртібі.
1.3. Осы Құпиялылық саясаты Сайтқа және Мобильді қосымшаға және Пайдаланушы Сайтты, Мобильді қосымшаны пайдаланған кезде жиналатын дербес деректерге қолданылады.
Осы Құпиялылық саясатының қағидалары: (а) біздің Сайтқа немесе Мобильді қосымшамызға сілтемелері бар басқа сайттарға; (b) Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған басқа сайттарға қолданылмайды.
1.4. Әкімшілік дербес деректермен жұмыс істеген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға міндеттенеді.
1.5. Әкімшілік нәсілдік немесе этникалық шығу тегін, саяси көзқарастарын, діни немесе философиялық көзқарастарын, кәсіподақ мүшелігін ашатын Дербес деректерді өңдеуді, сондай-ақ Пайдаланушылардың генетикалық, биометриялық деректерін, денсаулығына, жыныстық өміріне немесе жыныстық бағдарына қатысты деректерді өңдеуді көздемейді.
1.6. Әкімшілік кейде Құпиялылық саясатын қайта қарап, оны жаңарта алады. Өзгерістер сізді қанағаттандыратынына көз жеткізу үшін осы құжатты мезгіл-мезгіл сайын тексеріп отыруды ұсынамыз. Егер Әкімшіліктің пікірінше өзгерістер маңызды болса, сіздің құқықтарыңызға әсер етсе, біз сізге Сайтта, Мобильді қосымшада тіркелген кезде берілген электрондық пошта арқылы қосымша хабарлаймыз.
2. Дербес деректерді жинау
2.1. Пайдаланушы Әкімшілікке дербес деректерін ұсынуға міндетті емес.
2.2. Сайт, Мобильді қосымша Сіз өз еркіңізбен беретін Дербес деректерді ғана жинайды.
2.3. Сайттың, Мобильді қосымшаның мазмұнын қараған кезде (оларға кірген, ақпаратты оқыған кезде) Пайдаланушыны тіркеу талап етілмейді. Пайдаланушы Сайтта іс-әрекеттер жасаған кезде, Сайт тек
cookies сияқты файлдарды қолдана отырып алынған Дербес деректерге қол жеткізе алады.
Егер сіз осындай деректерді Әкімшілікке бергіңіз келмесе, Құпиялылық саясатының «
cookies файлдарын пайдалану» бөлімінде көрсетілген іс-әрекеттерді орындауыңыз керек. Олай болмаса, Сайт бұл деректерді көрсетілген файлдар/құралдар арқылы автоматты түрде жинайды. Сонымен бірге Сайт ________________ бағдарламасы арқылы Пайдаланушы деректеріне қол жеткізе алады және оларды сақтайды.
2.4. Дербес деректерді жинау мен өңдеудің құқықтық негізі дербес деректердің түріне және деректерді жинаудың нақты мәнмәтініне (мақсатына) байланысты. Деректерді жинау және өңдеу үшін құқықтық негіз мыналар болуы мүмкін: деректер субъектісінің бір немесе бірнеше нақты мақсаттар үшін дербес деректерді өңдеуге келісімі; шартты (Пайдаланушы келісімін) орындау үшін өңдеу; Әкімшіліктің немесе үшінші тұлғаның заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында өңдеу.
2.5. Әкімшілік Пайдаланушыларға қатысты алынған ақпаратты жеткілікті құқықтық негіздерсіз жинауға және өңдеуге құқылы емес, сондықтан Әкімшілік ақпаратты тек келесі мақсаттар үшін жинайды және өңдейді:
1) Біз сіздерге ұсынылатын сервистерді дербестендіру үшін сіздің тегіңіз бен атыңыз, болған кезде, әкеңіздің аты, атау сияқты ақпаратты жинай аламыз.
2) Тегіңіз бен атыңызды, болған кезде, әкеңіздің атын, атауыңызды, жеке сәйкестендіру нөміріңізді, бизнес-сәйкестендіру нөміріңізді, мобильді телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, тіркеу/тұру қалаңызды қамтитын сіздің толық деректеріңіз – бізге сізді Сайтта және/немесе Мобильді қосымшада тіркеу және кейін сізбен жалдау шарттарын жасасу үшін қажет.
3) Біз Сізбен байланысу үшін сіздің электрондық поштаңыздың мекенжайы және ұялы телефоныңыз сияқты ақпаратты сізге Сайттың, Мобильді қосымшаның сервистеріндегі өзгерістер туралы, жалдау шартын жасасу немесе оны жасасудан бас тарту туралы хабарламалар жіберу үшін, сондай-ақ сіздің сұрауларыңызға және басқа да ақпараттық және жарнамалық хабарламаларға жауаптар жіберу үшін жинаймыз. Электрондық пошта мекенжайы мен мобильді телефоныңыздың нөмірі болмаса, біз сізге Сайттың, Мобильді қосымшаның барлық ресурстарына толық қол жеткізуді бере алмаймыз.
4) Сіздің IP-мекен-жайыңызды біз кез келген спамның,
алаяқтықтың немесе біздің қызметтерді заңсыз пайдаланудың алдын алу үшін тіркейміз.
5) Әкімшілік дербес деректерді ішкі мақсаттар үшін: аудит жүргізу, деректерді талдау және қызметтерді жақсарту, сондай-ақ Пайдаланушылармен бірлесіп әрекеттесу мақсатында түрлі зерттеулер жүргізу үшін пайдалана алады.
Жалпы, біз сізге өз қызметтерімізді ұсыну, алаяқтық пен теріс пайдаланудың алдын алу үшін жинайтын деректерді пайдаланамыз. Белгілі бір уақыт аралығында біз сізге өнімдеріміз туралы жаңалықтарды, жаңартуларды және ұсыныстарды жібере аламыз, оларды алудан тиісті электрондық хаттағы «жазылымнан бас тарту» түймесін басу арқылы оңай бас тартуға болады.
2.6. Кез келген жағдайда Сіз осы Құпиялылық саясатының барлық талаптарымен таныспағанша және Сіз ұсынған ақпаратты (Сайтта және Мобильді қосымшада көрсетілген тәсілмен) өңдеуге өз келісіміңізді растамағанша, біз Сіздің Дербес деректеріңізді жинауды жүзеге асырмаймыз. Сонымен қатар Сіз үшінші тұлғалардың Дербес деректерін берген жағдайда, Әкімшілік Сіз осындай тұлғалардың бізге Дербес деректерді беруге келісімін алдыңыз, сондай-ақ Сіз осындай үшінші тұлғаларды осы құжатпен таныстырдыңыз және біздің сұрауымыз бойынша кез келген уақытта осындай келісімнің және танысудың бар екенін растай аласыз деп түсінеді.
2.7. Егер Әкімшілікке сіздің ақпаратыңызды жоғарыда көрсетілмеген басқа мақсаттар үшін өңдеу қажет болса, біз сізге бұл туралы міндетті түрде хабарлаймыз және осындай өңдеуге жеке келісіміңізді сұраймыз.
2.8. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Әкімшілік қолданыстағы құқық нормаларын сақтау үшін өңдеу қажет болған жағдайда, Сіздің кез келген дербес деректеріңізді өңдей алады.
3. Пайдаланушылар құқығы
3.1 Өзіңіздің дербес деректеріңізге қатысты құқықтарыңыз төмендегілерді қамтиды:1)
Рұқсат құқығы – сіздің сұрауыңыз бойынша Әкімшілік сіздің дербес деректеріңізді жинауды және өңдеуді растайды және сізге осы Дербес деректердің көшірмесін береді.
2)
Түзету құқығы – егер Әкімшілік сіз туралы сақтайтын Дербес деректер дұрыс емес немесе толық болмаса, сіз оларды түзетуге немесе толықтыруға құқығыңыз бар. Әкімшілік сіздің өтінішіңізді алған кезде Дербес деректеріңіздегі дәлсіздіктерді түзету үшін барлық дұрыс шараларды қабылдайды. Сіз туралы Дербес деректерді үшінші тұлғаларға берген жағдайда, Әкімшілік оларға мүмкіндігінше түзетулер жүргізіліп жатқаны туралы хабарлайды.
3)
Жою құқығы – Әкімшілік сіздің Дербес деректеріңізді сіз берген мақсаттар үшін қажет болмаған кезде жояды. Егер жою қолданыстағы құқық нормаларына қайшы келмесе, сіз сонымен қатар кез келген уақытта өзіңіздің Дербес деректеріңізді жоюды сұрай аласыз және әкімшілік мұны орындайды. Сіз туралы Дербес деректерді үшінші тұлғаларға берген жағдайда, Әкімшілік сіздің Дербес деректеріңізді жою қажеттігі туралы үшінші тұлғаларға хабарлау үшін барлық шараларды қабылдайды.
4)
Келісімді кері қайтарып алу құқығы – егер Әкімшілік Сіз туралы Дербес деректерді Сіздің келісіміңіз бойынша өңдейтін болса, мұндай кері қайтарып алу қолданылатын құқықпен шектелген жағдайларды қоспағанда, сіз кез келген уақытта өз келісіміңізден бас тарта аласыз.
5)
Өңдеуді шектеу құқығы – сіздің сұратуыңыз бойынша Әкімшілік белгілі бір жағдайларда сіздің дербес деректеріңізді өңдеуді шектеуі немесе тоқтатуы мүмкін, бұл ретте өңдеуді шектеу сәтінде Сайт әкімшілігі тек дербес деректерді сақтауға құқылы. Өңдеуді шектеу кезеңінде дербес деректерді қандай да бір өңдеу пайдаланушының келісімі негізінде немесе өзге де заңды негіздер бойынша ғана жүзеге асырылатын болады. Сіз туралы Дербес деректерді үшінші тұлғаларға берген жағдайда, Әкімшілік оларға осындай сұрату туралы мүмкіндігінше хабарлайды.
6)
Өңдеуге қарсылық білдіру құқығы - сұрату бойынша Әкімшілік кез келген уақытта сіздің Дербес деректеріңізді өңдеуді тоқтатады. Егер бұл сіз туралы деректерді тікелей маркетинг мақсатңында өңдейтін болса, сіздің кез келген уақытта маркетинг мақсаттары үшін өзіңізге қатысты дербес деректерді өңдеуге қарсылық білдіруге құқығыңыз бар.
7)
Тегін ақпарат алу құқығы – Әкімшілік сіздің сұратуыңыз бойынша сіз туралы дербес деректерді өңдеуге қатысты кез келген ақпаратты, егер сұратулар анық негізделген және шектен тыс болып табылмаса, тегін береді. Ақпарат осындай сұратуды алғаннан кейін жеті күнтізбелік күн ішінде беріледі. Бұл мерзім сұратулардың күрделілігі мен санын ескере отырып, қажет болған жағдайда тағы бір айға ұзартылуы мүмкін.
3.2. Егер сіз жоғарыда аталған құқықтардың кез келгенін пайдаланғыңыз келсе, бізге мына мекенжай бойынша хабарласыңыз:
support@oyna.me. Егер сіздің өтінішіңізді әкімшілік дұрыс өңдемесе, оның жұмысына қанағаттанбасаңыз, сіз дербес деректерді қорғау туралы заңнаманың сақталуын қадағалау жөніндегі жергілікті органға өтініш жібере аласыз.
4. Ақпаратты пайдалану
4.1.
Осы Саясатта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушылардың дербес деректері қандай да бір үшінші тұлғаларға берілмейді.
4.2.
Пайдаланушы Әкімшіліктің дербес деректерді осы Құпиялылық саясатының «Дербес деректерді жинау» бөлімінде көрсетілген мақсаттар үшін ғана үшінші тұлғаларға, яғни жалға берушілерге немесе жалға алушыларға, сайтты IT қолдау қызметіне және т.б. беруге құқылы екендігімен келіседі, бұл ретте мұндай ұйымдар алынған деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді қабылдауы тиіс.
Мұндай үшінші тұлғалар өзінің орналасқан жеріне қарамастан сіз туралы ақпаратты қорғауға міндетті болады. Біз әкімшілікке қажетті қызметті көрсету үшін ғана қажетті дербес деректердің ең аз көлемін үшінші тұлғаларға ұсынуға тырысамыз.
4.3. Әкімшілікке сіздің дербес деректеріңізді заңға, сот тәртібіне сәйкес, сот талқылауында және/немесе сіз тұратын елдің аумағында немесе одан тыс жерлерде мемлекеттік органдардың жария сауалдары немесе басқа дасауалдары негізінде ашу қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ, егер біз құқықтық тәртіпті немесе басқа да қоғамдық маңызды жағдайларды сақтау мақсатында мұндай ашу қажет немесе орынды екенін анықтасақ, сіз туралы дербес деректерді аша аламыз. Сондай-ақ, егер дербес деректерді ашу біздің ережелеріміз бен талаптарымызды орындау үшін немесе біздің қызметіміз бен пайдаланушыларымызды қорғау мақсатында қажет екенін анықтасақ аша аламыз. Сонымен қатар, қайта ұйымдастырылған, біріктірілген немесе сатылған жағдайда біз жинайтын кез келген немесе барлық дербес ақпаратты тиісті үшінші тұлғаға бере аламыз.
5. Деректерді сақтау саясаты
5.1. Әкімшілік жинаған және өңдеген дербес деректер олар жиналған мақсаттар үшін қажет болғаннан ұзағырақ немесе ұзақтығына қарамастан, қолданыстағы заңды сақтау үшін қажетті мерзімнен ұзақ сақталмайды.
5.2. Егер сіз өзіңіздің дербес деректеріңіздің Сайттың, Мобильді қосымшаның дерекқорынан жойылуын қаласаңыз, бізге тиісті электрондық поштаны жіберу арқылы жасай аласыз.
5.3. Пайдаланушылардың дербес деректері қолданылатын құқық нормаларының талаптарын орындауға байланысты дербес деректерді автоматтандырылмаған өңдеу қажет болған жағдайларды қоспағанда, тек қана электрондық тасымалдағыштарда сақталады және автоматтандырылған жүйелерді пайдалана отырып өңделеді.
5.4. Әкімшілік сіздің дербес деректеріңізді қорғау үшін барлық қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық, әкімшілік және техникалық сақтық шараларын қолданады. Біздің пайдаланушылардың дербес деректеріне қолжетімділік қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарына байланысты оларға заңды қажеттілігі бар уәкілетті қызметкерлер шектейді.
Біз зиянды бағдарламаларды жою үшін жоғары сапалы антивирустық бағдарламаларды қолданамыз және вирустық бағдарламаларды үнемі жаңартып отырамыз, сонымен қатар арнайы шифрлау бағдарламаларын қолданамыз. Дербес деректердің қауіпсіздігін бұзылуы мүмкін жағдайда біз нақты немесе ықтимал зардап шеккен барлық пайдаланушыларға хабарлаймыз.
6. Жауапкершіліктен бас тарту
6.1. Есіңізде болсын, үшінші тарап сайттарына, соның ішінде серіктес компаниялардың сайттарына кірген кезде дербес деректерді беру, тіпті үшінші тарап сайттарында Сайтқа немесе Мобильді қосымшаға сілтеме болса да немесе Сайтта немесе Мобильді қосымшада үшінші тарап сайттарына кіру сілтемесі болса, деректерді беру осы құжаттың іс-әрекеттеріне жатпайды. Әкімшілік үшінші тарап сайттарының іс-әрекеттері, басқа пайдаланушылардың, жалға алушылардың, жалға берушілердің іс-әрекеттері үшін жауап бермейді. Осы сайттарға кірген кезде сіздің дербес деректеріңізді жинау және беру процесі олардың ішкі құжаттарымен реттеледі.
7. Сookies файлдарын және басқа да ұқсас бағдарламаларды пайдалану
7.1.
Әкімшілік cookies файлдарын сіздің компьютеріңізге орналастыра алады. Cookies – бұл сіздің веб-браузеріңіз арқылы компьютердің қатты дискісіне жіберілетін әріптік-сандық идентификаторлар, бұл сіз сайтқа кірген кезде тани алады және сайтты пайдалануға жақсы мүмкіндік береді. Cookie файлы сізді жеке анықтамайды, бірақ ол сіздің компьютеріңізді анықтайды.
7.2. Cookie файлдары сияқты технологияларды Әкімшілік, біздің маркетингтік серіктестеріміз, талдаушылар немесе қызмет жеткізушілер пайдаланады. Бұл технологиялар үрдістерді талдау, сайтты, мобильді қосымшаны басқару, Сайттағы немесе Мобильді қосымшадағы әрекеттеріңізді бақылау үшін қолданылады, яғни сіз қандай беттерге кірдіңіз, не жүктедіңіз, интернет-провайдердің домен атауы және елі, сондай-ақ Сайтқа немесе Мобильді қосымшаға ауысқан үшінші тарап веб-сайттарының мекенжайлары және т.б. ақпарат. Алайда, бұл ақпараттың бәрі сіздің жеке тұлға ретіндегі іс-әректеіңізге байланысты емес. Cookies сіздің электрондық пошта мекенжайыңызды және сізге қатысты жеке мәліметтерді жазбайды.
Біз компаниялардың жоғарыда аталған технологияларды қолдануы туралы есептерді олардың әрқайсысы бойынша да, жалпы жиынтықта да ала аламыз. Сіз бізге рұқсат беріп, құрылғыңызда cookie файлдарын немесе бақылау технологияларын орналастыра алатынымызға келісесіз.
7.3. Сонымен қатар, біз l_________________ бағдарламасын қолданамыз, ол бізге Сайтта, Мобильді қосымшада сіз енгізген деректерді сіздің Сайтқа, Мобильді қосымшаға (сессияларға) кіруіңіз арасында сақтауды қамтамасыз ету үшін қажет.
7.4. Егер сіз cookie файлдарына рұқсат бергіңіз келмесе, оларды браузер параметрлері арқылы өшіруге болады. Бұл ретте, барлық платформалардағы барлық браузерлер бұл функцияны қолдай алмайтынын атап өткіміз келеді. Сонымен қатар, егер сіз cookie файлдарын өшірсеңіз біздің Сайт және сәйкесінше БЖ дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін, бұл Сайттың, Мобильді қосымшаның немесе Бағдарламалық жасақтаманың жұмысына теріс әсер етуі және сіздің Сайтқа немесе Мобильді қосымшаға кіруіңізді шектеуі мүмкін.
8. Байланысу ақпараты
8.1.
Бұл Құпиялылық саясаты қысқа әрі нақтылықты ескере отырып жасалған және Әкімшіліктің дербес деректерді жинауы мен пайдалануының барлық аспектілері туралы толық ақпарат бермейді. Алайда, егер қажет болса, Әкімшілік кез келген қосымша ақпарат немесе түсініктеме беруге дайын. Қосымша ақпарат алу үшін кез келген сұратулар мына электрондық мекенжайға жіберілуі тиіс:
support@oyna.me.
8.2. Сондай-ақ төмендегі байланыс деректері бойынша Сайт әкімшілігіне хабарласа аласыз: Ұйымның атауы: «OYNA ME» ЖШС
Мекенжайы: Астана қ., Тастанбеков көш., 28 -2
Байланыс поштасы:
info@oyna.meТелефон нөмірі 8 777 773 00 30